2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 104-бабының 5-тармағына, 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қапшағай қалалық мәслихатының «Қапшағай қаласының ауылдық округтерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 84-289 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5870 тіркелген, 2021 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған Заречный ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 42 595 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 15 600 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
трансферттер түсімі 26 995 мың теңге;
2) шығындар 47 495 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 4 900 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 4 900 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 0 теңге;
қарыздарды өтеу 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 4 900 мың теңге.
2. 2021-2023 жылдарға арналған Шеңгелді ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 4, 5, 6-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 45 466 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 16 000 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
трансферттер түсімі 29 466 мың теңге;
2) шығындар 46 947 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 1 481 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 1 481 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 0 теңге;
қарыздарды өтеу 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 1 481 мың теңге.».
- Көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Приложение (.rar 343 kb)
Қапшағай қалалық мәслихатының Қапшағай қалалық мәслихатының
сессия төрағасы Е. Кашаганов хатшысы С. Нұрсолтанова