Басты бет » Жаңалықтар » Жоба Қапшағай қаласының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Жоба Қапшағай қаласының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

  • Жоба

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.

 2. Қапшағай қалалық мәслихатының «Қапшағай қаласының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» 2020 жылғы 14 қазандағы № 78-275 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5711 тіркелген, 2020 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Пояснительная записка (.zip 186 Kb) 

Қапшағай қалалық мәслихаты                                  Қапшағай қалалық

сессиясының төрағасы                                               мәслихатының хатшысы

_____ Е. Кашаганов                                                      _____С. Нұрсолтанова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.