2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 104-бабының 5-тармағына, 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қапшағай қалалық мәслихатының «Қапшағай қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 83-285 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5861 тіркелген, 2021 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 7 203 973 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 2 607 887 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 6 665 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 651 706 мың теңге;
трансферттер түсімі 3 937 715 мың теңге;
2) шығындар 6 648 247 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 22 753 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 28 751 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 5 998 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) 532 973 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) (-) 532 973 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 28 751 мың теңге;
қарыздарды өтеу 578 277 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 16 553 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қапшағай қалалық мәслихаты Қапшағай қалалық
сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
_____ Е. Кашаганов _____С. Нұрсолтанова