2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2021-2023 жылдарға арналған Заречный ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 40 464 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 18 450 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
трансферттер түсімі 22 014 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 18 014 мың теңге;
субвенциялар 4 000 мың теңге;
2) шығындар 40 464 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 0 теңге.
2. 2021-2023 жылдарға арналған Шеңгелді ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 4, 5, 6-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 41 678 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 18 039 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
трансферттер түсімі 23 639 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 19 639 мың теңге;
субвенциялар 4 000 мың теңге;
2) шығындар 41 678 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 0 теңге.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Қапшағай қалалық маслихатының Қапшағай қалалық
сессия төрағасы мәслихатының хатшысы
Б. Әбенов К. Ахметтаев