Басты бет » Жаңалықтар » Жоба Қапшағай қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

Жоба Қапшағай қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

  • Жоба

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы  23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының1) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021-2023 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің   1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1)    кірістер 9 533 985 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 3 247 815 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 13 900 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 50 000 мың теңге;

трансферттер түсімі 6 222 270 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 4 681 598 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 724 557 мың теңге;

субвенциялар 1 540 672 мың теңге;

2)    шығындар 9 533 985 мың теңге;

3)    таза бюджеттік кредиттеу 2 892 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 8 334 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 5 442 мың теңге;

4)    қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5)    бюджет тапшылығы (профициті) (-) 2 892 мың теңге;

6)      бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)   2 892 мың теңге.

2. 2021 жылға арналған қала бюджетінде қала бюджетінен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемдері   8 000 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

1) Заречный ауылдық округіне 4 000 мың теңге;

2) Шенгелді ауылдық округіне 4 000 мың теңге.

3. Қапшағай қаласы әкімдігінің 2021 жылға арналған резерві 32 700 мың теңге сомасында бекітілсін.

4. 2021 жылға арналған қала бюджетінде ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыруға;

елді мекендерді көркейтуге;

ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

ауылдық округ әкімідері аппараттарының қызметтерін қамтамасыз етуге.

Көрсетілген трансферттерді ауылдық округтердің бюджеттеріне бөлу Қапшағай қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

5. 2021 жылға арналған қала бюджетінің атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

7. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

  Приложение >>> (.zip  335Kb)

Қапшағай қалалық мәслихаттың сессия төрағасы Б. Абенов
Қапшағай қалалық маслихатының  хатшысы К. Ахметтаев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.