Басты бет » Жаңалықтар » Қапшағай қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Қапшағай қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

  • НҚА

Қапшағай қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 наурыздағы «Қапшағай қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» № 2-10 шешімінің күші жойылды деп тану туралы


«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қапшағай қалалық мәслихатының «Қапшағай қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы № 2-10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3819 тіркелген, 2016 жылдың                     16 мамырында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қапшағай қалалық мәслихатының аппарат басшысы Айтова Мейрамгуль Казбековнаға жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қапшағай қалалық мәслихатының             Қапшағай қалалық

сессия  төрағасы                                               мәслихатының хатшысы

______________С. Ақылтаев                        _________________Қ. Ахметтаев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.