«Қапшағай қалалық мәслихатының
2017 жылғы 25 желтоқсандағы
«Қапшағай қаласының ауылдық
округтерінің 2018-2020 жылдарға
арналған бюджеттері туралы»
№ 30-132 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы»
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қапшағай қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының ауылдық округтерінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттері туралы»№ 30-132 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4471 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 27 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 1 және 4 қосымшалары осы шешімнің 1 және 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қосымша >>> .rar 112 Kb
Қапшағай қалалық Қапшағай қалалық
мәслихатының мәслихатының хатшысы
сессия төрағасы
______________Ғ. Жылкибаев _________________Қ. Ахметтаев
Қапшағай қалалық мәслихатының 2018 жылғы «___» _________________ «Қапшағай қаласының ауылдықокругтерінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттері туралы»№ 30-132 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № _________ шешіміне келісім
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қапшағай қаласының экономика және Айгул Толековна
бюджеттік жоспарлау бөлімі» Сатыбалдиева
мемлекеттік мекемесінің басшысы
2018 жылғы «___»_____________