Басты бет » Жаңалықтар » Қапшағай қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 мамырдағы № 35-158 шешімі. 2018 жылғы 11 маусымда нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізіліміне 4742 нөмірімен енгізілді

Қапшағай қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 мамырдағы № 35-158 шешімі. 2018 жылғы 11 маусымда нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізіліміне 4742 нөмірімен енгізілді

  • НҚА

Қапшағай қаласының ауылдық

округтерінің жергілікті

қоғамдастық жиналыстарының

регламенттерін бекіту туралы      


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         1. Мыналар:

1) Қапшағай қаласының Заречный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентіосы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

2) Қапшағай қаласының Шеңгелді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

         2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қапшағай қалалық мәслихатының «Депутаттық өкілеттігі, заңдылық, құқықтық қорғау және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

         3. Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қапшағай қалалық мәслихатының          Қапшағай қалалық

сессия төрағасы                                             мәслихатының хатшысы

 

______________А. Ефименко                        _________________Қ. Ахметтаев

 


 

  

Қапшағай қалалық мәслихатының 2018 жылғы                  28 мамырдағы «Қапшағай қаласының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» № 35-158 шешіміне 1-қосымша   

  

 

Қапшағай қаласының Заречный ауылдық округінің
жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

         1. Осы Қапшағай қаласының Заречный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының                (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына, «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы                   № 295 Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) сәйкес әзірленді.

         2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:

         1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

         2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;

         3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңғажәне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті                        әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері;

         4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;

         5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.

 

2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына

шақыруды жүргізу тәртібі

     

3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:

         бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

         Заречный ауылдық округі бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

         Заречный ауылдық округінің әкімі апппаратының Заречный ауылдық округінің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;

         бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

         Заречный ауылдық округі бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

         Заречный ауылдық округінің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

         жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

         Заречный ауылдық округінің әкімін сайлауды өткізуге Қапшағай қалалық мәслихатына одан әрі ұсыну үшін Заречный ауылдық округі әкімінің қызметіне Қапшағай қаласының әкімі ұсынған кандидатураларды келісу;

         Заречный ауылдық округінің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

         жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

         жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.

         4. Жиналысты Заречный ауылдық округінің әкiмі дербес не ол жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) өкілеттік берген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылуы мүмкін.

         Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, Заречный ауылдық округінің әкіміне ерікті нысанда жазбаша өтінішпен жүгінеді.

         Заречный ауылдық округінің әкімі үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.

         5. Жиналысқа шақыру уақыты, шақырылым орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілдермен хабардар етіледі.

         Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және Заречный ауылдық округінің әкіміне жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.

         6. Жиналысты шақыру алдында Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты жиналысқа қатысушы мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижесін Заречный ауылдық округінің әкімі немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді.

         Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

         7. Жиналысты шақыруды Заречный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.

         Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.

         8. Жиналыстың күн тәртібін Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты жиналыс мүшелері, Заречный ауылдық округінің әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.

         Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.

         Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.

         Жиналысты шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді.

         Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.

         9. Жиналысты шақыруға олардың мәселелері онда қаралатын Қапшағай қалалық мәслихатының депутаттары, Қапшағай қаласы әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Сондай-ақ, жиналысты шақыруға бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.

         Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдерді қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

         10. Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.

         Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.

         Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.

         Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.

 

3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының

шешімдер қабылдау тәртібі

 

         11. Жиналыс өзінің құзіреті шеңберінде шақырылымға қатысушы жиналыс мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды.

         Дауыстар тең болған жағдайда, жиналыстың төрағасы шешуші дауыс беру құқығын пайдаланады.

         Жиналыстың шешімі хаттамамен рәсімделеді, онда:

         1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

         2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

         3) өзге де қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты    (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

         4) жиналыстың төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты          (ол болған жағдайда);

         5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

         Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және екі жұмыс күн ішінде Заречный ауылдық округінің әкіміне беріледі.

         12. Жиналыста қабылданған шешімдерді Заречный ауылдық округінің әкімі бес жұмыс күні мерзімінде қарайды.

         Заречный ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне келіспеушілігін білдіруге құқылы, осындай келіспеушілік тудырған мәселелер осы Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіпте қайта талқылау жолымен шешіледі.

         Заречный ауылдық округі әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім Қапшағай қалалық мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.

         13. Заречный ауылдық округінің әкімі аппараты Заречный ауылдық округі әкімінің жиналыс шешімдерін қарау нәтижелерін бес жұмыс күн ішінде жиналыстың мүшелеріне жеткізеді.

         14. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өкілеттіктері шегінде жиналысты шақыруда қабылданған және Заречный ауылдық округінің әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.

         15. Жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратады.

  

4-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысы
шешімдерінің орындалуын бақылау

 

         16. Жиналыста жүйелі түрде жиналыстың шешімдерін орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.

         17. Шешімдерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиісті ақпарат хаттамаға енгізіледі, оны жиналыстың төрағасы Қапшағай қаласының әкіміне немесе жиналыстың шешімін орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.

         Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс Қапшағай қаласының әкімі немесе тиісті лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.

  

Қапшағай қалалық мәслихатының 2018 жылғы              28 мамырдағы «Қапшағай қаласының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» № 35-158 шешіміне 2-қосымша 

  

Қапшағай қаласының Шеңгелді ауылдық округінің
жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

         1. Осы Қапшағай қаласының Шеңгелді ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының              (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына, «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) сәйкес әзірленді.

         2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:

         1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

         2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;

         3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңғажәне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті                      әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері;

         4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;

         5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі. 

2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына

шақыруды жүргізу тәртібі

     

3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:

         бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

         Шеңгелді ауылдық округі бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

         Шеңгелді ауылдық округінің әкімі аппаратының Шеңгелді ауылдық округінің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;

         бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

         Шеңгелді ауылдық округі бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

         Шеңгелді ауылдық округінің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

         жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

         Шеңгелді ауылдық округінің әкімін сайлауды өткізуге Қапшағай қалалық мәслихатына одан әрі ұсыну үшін Шеңгелді ауылдық округі әкімінің қызметіне Қапшағай қаласының әкімі ұсынған кандидатураларды келісу;

         Шеңгелді ауылдық округінің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

         жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

         жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.

         4. Жиналысты Шеңгелді ауылдық округінің әкiмі дербес немесе ол жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) өкілеттік берген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылуы мүмкін.

         Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, Шеңгелді ауылдық округі әкіміне ерікті нысанда жазбаша өтінішпен жүгінеді.

         Шеңгелді ауылдық округі әкімі үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.

         5. Жиналысқа шақыру уақыты, шақырылым орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілдермен хабардар етіледі.

         Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және Шеңгелді ауылдық округі әкіміне жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.

         6. Жиналысты шақыру алдында Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты жиналысқа қатысушы мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижесін Шеңгелді ауылдық округінің әкімі немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді.

         Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

         7. Жиналысты шақыруды Шеңгелді ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.

         Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.

         8. Жиналыстың күн тәртібін Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты жиналыс мүшелері, Шеңгелді ауылдық округінің әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.

         Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.

         Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.

         Жиналысты шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді.

         Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.

         9. Жиналысты шақыруға олардың мәселелері онда қаралатын Қапшағай қалалық мәслихатының депутаттары, Қапшағай қаласы әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Сондай-ақ, жиналысты шақыруға бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.

         Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдерді қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

         10. Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.

         Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.

         Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.

         Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды. 

 

3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының

шешімдер қабылдау тәртібі

 

         11. Жиналыс өзінің құзіреті шеңберінде шақырылымға қатысушы жиналыс мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды.

         Дауыстар тең болған жағдайда, жиналыстың төрағасы шешуші дауыс беру құқығын пайдаланады.

         Жиналыстың шешімі хаттамамен рәсімделеді, онда:

         1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

         2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

         3) өзге де қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты     (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

         4) жиналыстың төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты                (ол болған жағдайда);

         5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

         Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және екі жұмыс күн ішінде Шеңгелді ауылдық округінің әкіміне беріледі.

         12. Жиналыста қабылданған шешімдерді Шеңгелді ауылдық округінің әкімі бес жұмыс күні мерзімінде қарайды.

         Шеңгелді ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне келіспеушілігін білдіруге құқылы, осындай келіспеушілік тудырған мәселелер осы Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіпте қайта талқылау жолымен шешіледі.

         Шеңгелді ауылдық округі әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім Қапшағай қалалық мәслихаттың отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.

         13. Шеңгелді ауылдық округінің әкімі аппараты Шеңгелді ауылдық округі әкімінің жиналыс шешімдерін қарау нәтижелерін бес жұмыс күн ішінде жиналыстың мүшелеріне жеткізеді.

         14. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өкілеттіктері шегінде жиналысты шақыруда қабылданған және Шеңгелді ауылдық округінің әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.

         15. Жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратады.

 

4-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысы
шешімдерінің орындалуын бақылау

 

         16. Жиналыста жүйелі түрде жиналыстың шешімдерін орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.

         17. Шешімдерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиісті ақпарат хаттамаға енгізіледі, оны жиналыстың төрағасы Қапшағай қаласының  әкіміне немесе жиналыстың шешімін орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.

         Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс Қапшағай қаласының әкімі немесе тиісті лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды. 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.