Қапшағай қалалық мәслихатының
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
«Қапшағай қаласының 2018-2020
жылдарға арналған бюджеті
туралы» № 29-131 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қапшағай қалалық мәслихатының «Қапшағай қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 29-131 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4468 тіркелген, 2018 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2018-2020 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 7240163 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 2448285 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 22200 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 80000 мың теңге;
трансферттер түсімі 4689678 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 1361058 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері 557220 мың теңге;
субвенциялар 2771400 мың теңге;
2) шығындар 7901400 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу (-) 4443 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 4443 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 656794 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 656794 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Қапшағай қалалық мәслихатының Қапшағай қалалық мәслихатының
сессия төрағасы хатшысы
_________________Е. Кашаганов ___________________К. Ахметтаев