Жаңалықтар

2018-05-01 21:31:38

Депутаттардың сайлаушылармен кездесулері


 

 

Осы күндері, кездесулер кестесіне сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихатының депутаттары өз сайлаушыларымен кездесу жүргізуде. Депутаттар Ю.Донская, С.Нұрсолтанова, С.Ақылтаев және Б.Әбенов өз сайлаушыларымен кездесіп те үлгерді.

1 сайлау округінің депутаты Ю.Донскаяның кездесуі 11 сәуірде Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназияның акт залында өтті. Өткізілген кездесу барысында ол өз сайлаушыларын қалалық мәслихаттың қызметімен таныстырды.

2 сайлау округінің депутаты С.Нұрсолтанова 13 сәуірде №3 орта мектепте өткен кездесуде ҚР Президентінің "Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы" Жолдауы бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесуде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы туралы түсіндірген, ашылуы ағымдағы жылдың 1 мамырына жоспарланған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы туралы баяндаған қалалық жұмыспен қамту орталығы өкілдерінің қатысуы кездесудің қызықты өтуіне септігін тигізді.

20 сәуірде №4 орта мектебінің акт залында №4 сайлау округінің депутаты С.Ақылтаевтың кездесуі ұйымдастырылды. Депутат өз баяндамасында кездесуге қатысушыларды қаламыздың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен және даму келешегімен таныстырды.

"Гидростроитель" кентінің тұрғындары осы округтың депутаты Б.Әбеновпен 25 сәуірде Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектептің акт залында өткен кездесуде кент инфрақұрылымын жаңғырту мәселелеріне басты назар аударды.

Депутаттармен өткен барлық кездесулердегі өтініштердің негізгі тақырыбы аулаларды абаттандыру, көшелерді асфальттау және жарықтандыру, ақысыз медициналық қызмет көрсету, балалар мен жастар үшін тегін бос уақытын өткізетін нысандар (спорттық алаңдар, жаттығу құрылғылары, клубтар), дәрі-дәрмек және азық-түлік бағаларын реттеу мәселелеріне қатысты болды.

Барлық сұрақтарға тиісті түсіндірулер беріліп, кейбір сұрақтар депутаттық бақылауға алынды.

 

Қапшағай қалалық мәслихат


Ссылки






Қ Р Президентiнiң Жолдаулары

Мәслихат хатшысының блогы

Қапшағай қалалық мәслихатының ресми веб-сайтына қош келдіңіз!

Сұрақ қою



Избирательный округ №2
Автобиография Предвыборная программа
1
Избирательный округ №13
Автобиография Предвыборная программа
1
Избирательный округ №1
Автобиография Предвыборная программа
2
Избирательный округ №9
Автобиография Предвыборная программа
23