Жаңалықтар

2018-06-19 19:45:00

ХАТТАМАСЫ


Қапшағай қалалық мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, спорт және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссиясының Қапшағай қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау бойынша  көпшілік тыңдауының

ХАТТАМАСЫ

 

Қапшағай қаласы        

 

            «14» маусым 2018 жыл

 

Отырыс төрағасы – Әбенов Берікбол Әбенұлы, Қапшағай қалалық мәслихатының  №5 сайлау округінің депутаты, халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, спорт және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

 

Хатшы–  Аметова Мейіргүл Жолдасбайқызы, «Қапшағай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

 

Қалалық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, спорт және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауынаоблыстық жәнеқалалық мәслихаттардың депутаттары, қалалық әкімшілік өкілдері, қала ақсақалдары кеңесінің мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері,  қала тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

                                        

Күн тәртібі:

         1. "Бейбітшілік" бульварын "Астана" бульварына қайта атау беру туралы.

         2.  "Восточный", "Қарлығаш", "Гүлдер", "Арна", 8 және 10 шағынаудандарына көше атауларын беру туралы.

 

  Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз қала әкімінің орынбасары С.Нұрғазиевке берілді, өз сөзінде ол қала әкімінің атына соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінен, қалалық Ауған соғысының ардагерлері одағынан "Бейбітшілік" бульварын "Астана" бульвары деп қайта атау туралы қолдаухаттар түскенін хабарлады. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына республикамыздың бас қаласының маңызды орнын ескере отырып, сондай-ақ оның 20-жылдығын тойлау қарсаңында қала әкімінің орынбасары қалалық мәслихаттың депутаттарын осы ұсынысты қолдауын сұрады.

  Өз кезегінде депутат С.Ақылтаев шығып сөйлеген С.Нұрғазиевке қайта атау беріліп жатқан бульвар өз атына сай қайта жаңғыртылады ма деген сұрақ қойды. Бұл сұраққа қала әкімінің орынбасары С.Нұрғазиев қазіргі уақытта жаңа бульварды қайта жаңғырту жобасы әзірленуде деп жауап берді.

Екінші сұрақ бойынша С.Нұрғазиев Қапшағай қаласының экономикасы жылдан жылға өсіп, сонымен қоса тұрғын үй құрылысы да дамып жатқаны туралы хабарлады. Жаңа шағынаудандар мен тұрғын алабтары пайда болды. Осыған орай "Восточный", "Қарлығаш", "Гүлдер", "Арна", 8 және 10 шағынаудандарына көше атауларын беру қажеттілігі туындауда. Барлығы 47 көше.

Отырыс барысында «Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Ж.Ахметжан жиналғандарды қаланың аталған шағынаудандары мен көшелерінің орналасу сызбасымен таныстырды, сондай-ақ, «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 47 көшенің атауларын енгізуде  ҚР заңнамасына сәйкес қажетті іс-шаралармен таныстырды.

8-ші шағынауданның тұрғыны Ботакөз Гильманова шығып сөйлеген Ж.Ахметжанға көшелерге жаңа атаулардың берілуіне орай жылжымайтын мүлік құжаттарын қайта рәсімделуі ақылы бола ма деп сұрады. Бұл сұраққа қалалық сәулет және қала құрылысының басшысы Ж.Ахметжан респбликалық ономастикалық комиссияның аталмыш көшелерге атау беру туралы оң қорытындысы шыққан жағдайда, барлық қажетті өзгертулер "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінің деректер қорына автоматты түрде енгізіледі және адамдарға құжаттарын өзгерту қажет емес деп жауап берді. Сонымен қатар, кейбір адамдар өздері жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттарын ауыстырғысы келсе, оны ХҚКО-да жасаға болатынын және барлық қалаушыларға қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі қажетті анықтама беретін хабарлады. Ж.Ахметжан жылжымайтын мүлік құжаттарында көше атауларын өзгертуге қатысты қызмет тегін жасалатынын, ал сатып алу-сату, сыйға тарту, өсиетнама бойынша мұрагерлік құқығын беру жағдайларында жылжымайтын мүліктің барлық құқық белгілеуші құжаттарына өзгертулер автоматты түрде енгізілетінін ерекше атап өтті.

«Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Б.Шәйкенова жиналғандарды  "Восточный", "Қарлығаш", "Гүлдер", "Арна", 8 және 10 шағынаудандарына көше атауларын беру бойынша атқарылған жұмыс туралы хабарлады. Өз сөзінде ол әрбір көшенің тұрғындарымен кездесу өткізіліп, әрбір атау бойынша олардың пікірі ескерілгенін тілге тиек етті. Сонымен қатар ҚР Президентінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктерге және оның құрамдас бөліктеріне кісі аттарын беруге тыйым салынғанын атап өтті. Б.Шәйкенова көшелерге атау таңдау кезінде кісі атауларына тыйым салу және ономастикалық нысандарға тарихи, дәстүрлі, қазіргі заман талаптарына сай атауларды беру қағидатын басшылыққа алғанын атап өтті. 

         Күн тәртібін қарау қорытындысы бойынша отырыс төрағасы Б.Әбенов  қатысушыларды төмендегі сұрақтар бойынша дауыс беруді ұсынды:

         1. Қапшағай қаласының 3-шағынауданында орналасқан "Бейбітшілік" бульварын "Астана" бульварына қайта атау туралы.

         2. "Восточный", "Қарлығаш", "Гүлдер", "Арна", 8 және 10 шағынаудандарындағы 47 көшеге төмендегі атауларын беру:

"Восточный" шағынауданы бойынша 5 көшеге төмендегідей атаулар берілсін:

1-көшеге - Береке;

2-көшеге - Ертіс;

3-көшеге - Жағалау;

4-көшеге - Нұрлы жол;

5-көшеге - Құмдыкөл;

"Қарлығаш" шағынауданы бойынша 8 көшеге төмендегідей атаулар берілсін:

1-көшеге - Нұрсәт;

2-көшеге - Жетіген;

3-көшеге - Жігер;

4-көшеге - Үшқоңыр;

5-көшеге - Жерұйық;

6-көшеге - Сырдария;

7-көшеге - Ақжайлау;

8-көшеге - Төрткөл;

"Гүлдер" шағынауданы бойынша 8 көшеге төмендегідей атаулар берілсін:

1-көшеге - Орда;

2-көшеге - Сұлутөр;

3-көшеге - Қарағаш;

4-көшеге - Сарыжаз;

5-көшеге - Сауран;

6-көшеге - Жиенқұм;

7-көшеге - Ақжайық;

8-көшеге - Бәйтерек;

"Арна" шағынауданы бойынша 15 көшеге төмендегідей атаулар берілсін:

1-көшеге - Аққұм;

2-көшеге - Алтындала;

3-көшеге - Атақоныс;

4-көшеге - Бесбалық;

5-көшеге - Бозарал;

6-көшеге - Қыпшақ;

7-көшеге - Жайсан;

8-көшеге - Жаңажол;

9-көшеге - Қамысты;

10-көшеге - Құмкент;

11-көшеге - Құндызды;

12-көшеге - Нұра;

13-көшеге - Ақкөл;

14-көшеге - Талапкер;

15-көшеге - Байырқұм;

8-шағынауданы бойынша 5 көшеге төмендегідей атаулар берілсін:

1-көшеге - Көктал;

2-көшеге - Атакент;

3-көшеге - Құмадыр;

4-көшеге - Қарасу;

5-көшеге - Ақасық;

10-шағынауданы бойынша 6 көшеге төмендегідей атаулар берілсін:

1-көшеге - Көкжазық;

2-көшеге - Егінді;

3-көшеге - Өрнек;

4-көшеге - Керуен Сарай;

5-көшеге - Ойыл;

6-көшеге - Шаған.

         Ұсыныс қабылданды және дауыс беру өткізілді. Шешім бірауыздан қабылданды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 7 тармағына  сәйкес, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы осы көпшілік тыңдаудың Хаттамасын жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және «Нұрлы өлке» газетіне жариялау туралы қаулы қабылдады.

 

 

Төрағасы                                                                                    Б. Әбенов

 

 

Хатшы                                                                                                  М. Аметова

 


Ссылки






Қ Р Президентiнiң Жолдаулары

Мәслихат хатшысының блогы

Қапшағай қалалық мәслихатының ресми веб-сайтына қош келдіңіз!

Сұрақ қою



Избирательный округ №2
Автобиография Предвыборная программа
1
Избирательный округ №13
Автобиография Предвыборная программа
1
Избирательный округ №1
Автобиография Предвыборная программа
2
Избирательный округ №9
Автобиография Предвыборная программа
23