Жаңалықтар

2018-07-09 15:36:38

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмыс жасауда


         «"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру барысы туралы» - осындай тақырыпта 2018 жылғы 4 шілдеде депутат Е.Нұрпейісовтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кезекті отырысы көпшілік тыңдау түрінде өтті.

         Қалалық мәслихаттың депутаттық өкілеттігі, заңдылық, құқықтық қорғау және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясында "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Р.Ешімованың есебі тыңдалды.

         Мектепішілік ата-аналар жиналыстарында қалалық білім бөлімінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізетінін депутаттар атап өтті. Сондай-ақ мақсаты өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелену деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін, құқық бұзушылықтың барлық жолы мен нысандарына "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру, белсенді азаматтық ұстанымды арттыру болып табылатын бірқатар іс-шаралар өткізілуде.

Көпшілік тыңдауда қалалық мәслихаттың депутаттары, қаланың білім мекемелерінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдарының және БАҚ өкілдері, қалалық Қоғамдық және қамқоршылық кеңестердің мүшелері, қаламыздың белсенділері  қатысты

         Отырыстың қорытындысы бойынша жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін, құқық бұзушылықтың барлық жолы мен нысандарына "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыруға қатысты ұсыныстар бар тұрақты комиссияның қаулысы қабылданды.

 

 

Маслихат города Капшагай  Официальный сайт

 

Маслихат города Капшагай  Официальный сайт

 

Маслихат города Капшагай  Официальный сайт

 

Маслихат города Капшагай  Официальный сайт

 

Маслихат города Капшагай  Официальный сайт

 

Маслихат города Капшагай  Официальный сайт

Қапшағай қалалық мәслихаты


Ссылки






Қ Р Президентiнiң Жолдаулары

Мәслихат хатшысының блогы

Қапшағай қалалық мәслихатының ресми веб-сайтына қош келдіңіз!

Сұрақ қою



Избирательный округ №2
Автобиография Предвыборная программа
1
Избирательный округ №13
Автобиография Предвыборная программа
1
Избирательный округ №1
Автобиография Предвыборная программа
2
Избирательный округ №9
Автобиография Предвыборная программа
23