Жаңалықтар

2018-05-05 18:05:14

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті


         2018 жылғы 27 сәуірде депутат Е.Қашағановтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезекті XХХIV сессиясы өтті.

         Сессияда 2017 жылға арналған қала бюджетінің орындалуы туралы қалалық қаржы бөлімінің басшысы Г.Сапарбековтың есебі, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Е.Сабырдың аудиторлық қорытындысы, қалалық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы С.Ақылтаевтың қосымша баяндамасы және Заречный ауылдық округі әкімі Б.Дүйсенбаевтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы бойынша есебі тыңдалды, сондай-ақ қала бюджетіне өзгертулер енгізіліп, қала әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы, қалалық эвакуациалық, төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі қалалық комиссиялардың құрамдары бекітілді.

2017 жылға арналған қала бюджетінің орындалу туралы сұрақ бойынша баяндамашылар өткен жылғы қала бюджеті 10261477,0 мың теңге бекітілгенін атап өтті. Жыл бойына қала бюджеті 5 рет нақтыланып, бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдері 10261477,0 мың теңгеден 11869524,0 мың теңгеге дейін көбейтілді. Бюджеттің шығыс бөлімі 11859974,2 мың теңгеге немесе 99,9 % игерілді. Жергілікті бюджеттің меншікті кіріс жоспары 2094651,0 мың теңге болса, ол 2318157,3 мың теңгеге немесе 110,7 % орындалды.

         Кезекті сессияға дайындық аясында қалалық мәслихаттың депутаттары 2018 жылғы 24 сәуірде Заречный ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып келді. Сапар барысында олар Арна және Заречный ауылдарының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін Арна ауылындағы су іркуішпен, жаңа фельдшерлік-амбулаториялық тірекпен және 120 орындық орта мектеппен, жөндеуден өткен ауылішілік жолдармен, ауылдық клубпен танысты. Заречный ауылында депутаттар жақында салынып, іске қосылған қазанханаға барып, полицияның жаңа тірек пунктінің құрылыс барысымен танысып, ауылды газдандыру жұмысымен айналысатын мекеме өкілдерімен кездесіп, олармен Заречный ауылын газдандыру жоспарын, мерзімін, тарифін талқылап, тұрғындар мен ауыл округі аумағында орналасқан шаруашылық жүргізуші субъект үшін газ өткізу шарттарымен танысты. Сонымен қатар депутаттар ауылға кіреберіс жолының бойында теректер отырғызуға қатысты.

         Сапар барысында депутаттар ауылдық округте орын алып отырған оң өзгерістерді атап өтті: өндірістің жаңа нысандары ашылуда, әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде, жаңа жұмыс орындары ашылуда, ауылдық елді мекендердің жолдарына жөндеу жүргізіліп, көшелері жарықталып, халық санының артуы орын алуда.

         Алайда, өз шешімін таппаған сұрақтар да бар. Арна ауылының ауылдық клубының ғимаратын жөндеуге, Арна ауылындағы ұңғымадан Заречный ауылына дейінгі су құбырларын ауыстыруға, Арна ауылының бала санының өсуіне орай жаңа мектепті кеңейтуге қатысты мәселелерді шешу қажет. Осы кемшіліктердің барлығы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді, сондай-ақ қалалық мәслихаттың сессиясында айтылды.

         Қалалық мәслихаттың шешімімен 2018 жылға арналған қала бюджетіне өзгертулер енгізілді. Өзгертулер 17492 мың теңгеге көбейтілген облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерге қатысты. Өз баяндамасында қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.Сатыбалдиева  өткізілген мемлекеттік сатып алулар қорытындысы бойынша 43 68 мың теңге көлемінде пайда болған үнемделген қаражат балалар жазғы лагерін күтіп ұстауға, Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназияның стадионын абаттандыруға, "Нұр бөбек" балабақшасының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, ОБЖСМ күтіп ұстауға және спорттық іс-шаралар өткізуге, Жамбыл көшесін жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге, қалалық жағажайды абаттандыруға,  сумен/жылумен қамтамасыз етуге қатысты жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізу қызметін төлеуге және өзге мәселелерге жолданатынын айта кетті.

         Қалалық мәслихат сессиясы өз жұмысын қорытындылай келе  кезекті сессияның төрағасын сайлады. Төраға болып  №11 сайлау округінің депутаты А.Ефименко сайланды.

Қапшағай қалалық мәслихаты


Ссылки






Қ Р Президентiнiң Жолдаулары

Мәслихат хатшысының блогы

Қапшағай қалалық мәслихатының ресми веб-сайтына қош келдіңіз!

Сұрақ қою



Избирательный округ №2
Автобиография Предвыборная программа
1
Избирательный округ №13
Автобиография Предвыборная программа
1
Избирательный округ №1
Автобиография Предвыборная программа
2
Избирательный округ №9
Автобиография Предвыборная программа
23