Жаңалықтар

2018-06-18 19:42:00

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмыс жасауда


Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмыс жасауда

 

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысына сәйкес құрамдас бөліктерге атау беру, қайта атау мәселелері бойынша халықтың пікірі мәслихаттардың тұрақты комиссияларының  көпшілік тыңдауылары арқылы ескеріледі. Осыған орай, 2018 жылғы 14 маусымда депутат Б.Әбеновтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, спорт және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауы өтті. Отырыстың күн тәртібінде төмендегі сұрақтар қаралды:

         1. "Бейбітшілік" бульварын "Астана" бульварына ауыстыру туралы.

         2. "Восточный", "Қарлығаш", "Гүлдер", "Арна", 8 және 10 шағынаудандарына көше атауларын беру туралы.       

         Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша қала әкімінің орынбасары С.Нұрғазиев қала әкімінің атына Астана қаласының 20-жылдық мерейтойы қарсаңында қалалық соғыс және еңбек ардагерлерінің және қалалық Ауған соғысы ардагерлері кеңестерінен "Бейбітшілік" бульварын ("Три аллеи") "Астана" бульвары деп қайта атау туралы қолдаухаттар түскенін хабарлады. Бұл ұсыныс қала басшылығы тарапынан қолдау тауып, қалалық мәслихат депутаттарының талқылауына шығарылды.

         Күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша С.Нұрғазиев Қапшағай қаласында тұрғын үй құрылысы дамып жатқанын, жаңа шағынаудандар мен тұрғын алаптарының пайда болғанын тілге тиек етті. Осы орайда шағынаудандардағы көшелерге атаулар беру қажеттілігі туындап отыр. Қалалық әкімдік бұл жүмысты "Восточный", "Қарлығаш", "Гүлдер", "Арна", 8 және 10 шағынаудандарынан бастады. Бұл шағынаудандарда 47 көшеге атау берілуі керек.

         "Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысы Ж.Ахметжан жиналғандарды аталмыш шағынаудандар мен көшелердің орналасу сызбаларымен таныстырып, «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне жаңа атауларды енгізу және ҚР заңнамасына сәйкес қажетті іс-шараларды өткізу мәселесі бойынша түсіндірді.

         Өз кезегінде "Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ басшысы Б.Шәйкенова аты аталған шағынаудандарындағы көшелерге атаулар беру бойынша өткізген дайындық жұмысы туралы айтып берді. Бөлім басшысының сөзі бойынша әрбір көшенің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, олардың пікірі ескерілген. Сондай-ақ көшелерге атау таңдау кезінде кісі атауларына тыйым салу және ономастикалық нысандарға тарихи, дәстүрлі, қазіргі заман талаптарына сай атауларды беру қағидатын басшылыққа алғанын атап өтті.

         Өткізілген кездесу барысында көрсетілген шағынаудандардың тұрғындарын қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді. Бұл отырысқа көше атауларын беруге қатысты жұмыс күтіп тұрған барлық шағынаудандардың өкілдері шақырылды.

         Күн тәртібіндегі сұрақтардың қаралу қорытындысы бойынша "Бейбітшілік" бульварын "Астана" бульвары деп қайта атау және "Восточный", "Қарлығаш", "Гүлдер", "Арна", 8 және 10 шағынаудандарының 47 көшесіне жаңа атау беру туралы ұсыныстар депутаттар тарапынан қолдау тапты.

         Осы көпшілік тыңдаудың хаттамасы жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарына және жергілікті БАҚ беттерінде жеті жұмыс күні ішінде жарияланады.

 

Қапшағай қалалық мәслихаты

 

 


Ссылки






Қ Р Президентiнiң Жолдаулары

Мәслихат хатшысының блогы

Қапшағай қалалық мәслихатының ресми веб-сайтына қош келдіңіз!

Сұрақ қою



Избирательный округ №2
Автобиография Предвыборная программа
1
Избирательный округ №13
Автобиография Предвыборная программа
1
Избирательный округ №1
Автобиография Предвыборная программа
2
Избирательный округ №9
Автобиография Предвыборная программа
23