Жаңалықтар

2018-05-28 19:30:25

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмыс жасауда


         2018 жылғы 25 сәуірде қалалық мәслихаттың ауылшаруашылықты, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын өркендету және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі және әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен, 23 мамырда қалалық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, спорт және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссиясының отырыстары өтті. Отырыстарда төмендегі сұрақтар қаралды:

         1. Қапшағай қаласын газдандыру туралы.

         2. Қала және ауылдық округтері аумағының жағдайы және оны абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалау бойынша шаралар туралы.

         3. Қала және ауылдық округтері тұрғындарының дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау бойынша "Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ жұмысы туралы.

         4. 2018 жылғы жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, оларды сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру туралы.

         "Қапшағай қаласын газдандыру туралы" сұрағын талқылау барысында депутаттар газға қосу үшін тұрғындардан алынатын төлем мөлшері, төлемді төлеуге қатысты жеңілдіктер және газдың тарифы туралы мәселелерді көтерді. Айта кету керек, бұл сұрақтарды депутаттарға кездесу кезінде де сайлаушылар көтерген болатын, әсіресе газға қосу үшін төлем мөлшерін азайту және жеңілдіктерді қарастыруды өтініш еткен.

         Екінші сұраққа қатысты депутаттар жыл сайын көгалдануға қыруар қаражат бөлінетінін, алайда теректер суарылмайтынын, отырғызылған теректер қараусыз қурып жатқанын, гүлзарлар уақытылы отырғызылмайтынын тілге тиек етті.

         Халықты дене шынықтыру және спортпен баулу мәселесіне қатысты депутаттар қалада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт қондырғыларының, арнайы бапкерлердің, олар үшін жалпы жағдай жасалмағандығын атап өтті.

         Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесін талқылау барысында депутаттардың алаңдаушылығын қалалық балалар лагері туындатты. Мәселені тұрақты комиссия отырысында қарау алдында тұрақты комиссия мүшелері лагерге барып, лагердің жағдайын өз көздерімен көріп келді. Лагерь балаларды қабылдауға дайын емес, лагердің ғимаратына ағымды жөндеу жасалынбаған, шатырынан су аққан, қабырғаларын зең басып, кейбір жерлерде төбесі опырылған, кір жуатын және үтіктеуіш машиналар істен шыққан.  Лагерде балалардың демалатын, ойнайтын алаңдары, жиналып отыратын орындары не теректермен, не бастырмалармен көлеңкелетілмеген. Сонымен бірге, лагерде құтқарушы штаттық бірлігі қарастырылмаған. Ал халықтың бізге сеніп тапсырған балалардың қауіпсіздігі ең басты мәселе екені сөзсіз. Осы лагердің мәселесі жыл сайын көтерілетініне қарамастан, лагердің дайындығы сын көтермейтінін депутаттар тағы бір рет ескертті.

         Жиналыстардың қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар бар тұрақты комиссиялардың қаулылары қабылданды.

 

Қапшағай қалалық мәслихаты


Ссылки






Қ Р Президентiнiң Жолдаулары

Мәслихат хатшысының блогы

Қапшағай қалалық мәслихатының ресми веб-сайтына қош келдіңіз!

Сұрақ қою



Избирательный округ №2
Автобиография Предвыборная программа
1
Избирательный округ №13
Автобиография Предвыборная программа
1
Избирательный округ №1
Автобиография Предвыборная программа
2
Избирательный округ №9
Автобиография Предвыборная программа
23