Жаңалықтар

2018-06-05 17:17:35

Қапшағай қаласы тұрғындарының назарына!


            Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы" №138 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, спорт және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссиясы 2018 жылғы 14 маусымда сағат 17.00-де, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, №13 мекенжайында орналасқан қалалық әкімдіктің кіші залында келесі сұрақтар бойынша көпшілік тыңдау өткізеді:

            1. "Восточный", "Қарлығаш", "Гүлдер", "Арна", 8 және 10 шағынаудандарының көшелеріне атау беру;

            2. "Проспект Мира" көшесіне қайта атау беру.

            Осыған орай, қала тұрғындарын аталған көпшілік тыңдау жұмысына белсенді түрде қатысуларын сұраймыз.

 

Анықтама телефондары:

"Қапшағай қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс телефоны: 41283;

"Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс телефоны: 41560.

 

Қапшағай қалалық мәслихаты


Ссылки






Қ Р Президентiнiң Жолдаулары

Мәслихат хатшысының блогы

Қапшағай қалалық мәслихатының ресми веб-сайтына қош келдіңіз!

Сұрақ қою



Избирательный округ №2
Автобиография Предвыборная программа
1
Избирательный округ №13
Автобиография Предвыборная программа
1
Избирательный округ №1
Автобиография Предвыборная программа
2
Избирательный округ №9
Автобиография Предвыборная программа
23