Жаңалықтар

2018-05-01 23:40:00

Ахметтаев Кайрат Нураханович


Қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Қымбатты қапшағайлықтар!

Секретарь Капшагайского городского Mаслихата

Ерлік туын желбіретіп, бүкіл әлемге тыныштық сыйлаған Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жеңіс күні – бұл Отанымызға қалқан болған, қан майданда жан берісіп, жан алысқан, елі үшін отқа түскен біздің хас батырларымыз бен ардақты ардагерлеріміздің арқасында қол жеткізген мейрам.
Бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы сіздердің, қадірлі ардагерлер, патриоттық тәрбиелеріңіздің, шынайы достық, бейбітшілікке деген ұмтылыс, барлық ұлыстар арасындағы өзара келісімге деген ниеттеріңіздің негізінде құрылып отыр.
Уақыт ешкімді де аямайды. Жыл өткен сайын ардагерлер саны кеміп, орталарыңыз азая түсуде. Алайда, сіздер өздеріңіздің жылы жүректеріңізбен, парасатты ойларыңызбен қаламыздың дамуы мен еліміздің нығаюына үлкен үлес қосудасыздар. Әсіресе, жастарды отансүйгіштік сезімде тәрбиелеу ісінде үлгі тұтар еңбектеріңіз зор.
Ардақты соғыс және еңбек ардагерлері, сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтай отырып, баршаңызға қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға жақсылық пен бақыт тілеймін!

Қапшағай қалалық

мәслихатының хатшысы
Қ. Ахметтаев


Задать вопрос

 


Ссылки






Қ Р Президентiнiң Жолдаулары

Мәслихат хатшысының блогы

Қапшағай қалалық мәслихатының ресми веб-сайтына қош келдіңіз!

Сұрақ қою



Избирательный округ №2
Автобиография Предвыборная программа
1
Избирательный округ №13
Автобиография Предвыборная программа
1
Избирательный округ №1
Автобиография Предвыборная программа
2
Избирательный округ №9
Автобиография Предвыборная программа
23