Жаңалықтар

2021-07-19 23:40:00

Құрметті қапшағайлықтар!



    Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
   Халқымыздың заң үстемдігіне, адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге ұмтылысы төл тарихымызда айқын көрініс тапқан.
   Озық әлемдік тәжірибені, тарихи және ұлттық дәстүрлерді арқау еткен Қазақстан Конституциясы халқымыздың бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі саналады.
   Еліміз Тәуелсіздік алған кезең ішінде мемлекетіміздің басты заңы жасампаздық пен ілгерілеудің кепіліне айналды. Қазақстан тұтас құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жүйені қалыптастырып, жан-жақты жаңғыру жолына түсті.
   Ата заң азаматтарымыздың мүддесіне қызмет етіп, елімізді одан әрі дамытуға септігін тигізе береді.
   Конституция күнімен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Қапшағай қалалық мәслихатының хатшысы
Нурсолтанова Сауле Кайырлиновна


Задать вопрос

 


Ссылки на правительственные ресурсы